Жаңалықтар

        • «Достығымыз жарасқан»
          • «Достығымыз жарасқан»

          • 9 сәуір күні Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей – интернатында

            «Армысың, әз- Наурыз  2017!»   атты  мерекелік  іс-шара өтті

                 Іс-шара ұжымның «Көрісу» рәсімімен ашылып,сыныптардың мерекелік   «Достығымыз жарасқан» қойылымдары мен Қазақстанда  тұратын  ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерін  сайыс түрінде дәріптеу шараларымен жалғасты. Ата-аналар лйцей ауласына киіз үйлер тігіп ,оқушыларды ,келген қонақтарды,түлектерді  дәстүрлі наурыз көже, баурсақтарымен қарсы алып жатты.Ойын алаңында  қонақтар,оқушылар  ұлттық ойындарда бақ сынасып, түрлі байқауларға қатысты.Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен марапаттауларға ие болды. Гран-при, 1-1-орын, 3- 2орын,  3-3 орын болды.Спорттық жарыстар жеке марапатталды. Гран приді  –  Қазақ ұлтының салт – дәстүрін, өнерінің мән- мағанасын толық аша білгендері үшін  7 «б» сынып  иеленді.    I орын – 8 «б» сынып Корей халқының  өнерін,салт- дәстүрін паш етті.                            

               Наурыз мейрамы,шын мәнінде қараңғыны жарық, суықты жылы жеңетін, күн мен түннің теңесеуі ғана емес,ұжымның бірлігін нығайтатын,ата мен баланы жақындастыратын,өткенді жаңартатын мереке екені осы іс-шарада тағы бір дәлелденді.

             

        • Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"
          • Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"

          • Наурыз мерекесі, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанда  тұратын барлық  ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесі. Сондықтан да, биылғы Наурыз мейрамы «Достығымыз жарасқан» тақырыбында өткізілді.

        • Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасы
          • Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасы

          •     2017 жылдың 24- 25 наурыз күндері Алакөл ауданы, Жыланды орта мектеп- лицейі базасында облыстағы дарынды балаларға арналған физика- математика пәндерінен пән олимпиадасы өтті.Олимпиаданың негізгі мақсаты - облыстағы дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуына қолайлы жағдай жасау.Олимпиадаға жалпы 9 командадан 88 оқушы қатысты. Біздің  төрт оқушы жүлделі орын алды.Олар:Ахетжанов Рустам 10 сынып, Құмай Ұлан            9 сынып, Жакенов Дархан,Кажигул Дінмұхамед 8 сынып оқушылары.Құттықтаймыз !!!

        • Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы
          • Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы

          •         Павлодар қаласында оқушылардың  жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық пәндер олимпиадасы болып өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан барлығы 764 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Талдықорған «Білім – Инновация» лицейінің оқушылары жүлдемен оралды . Олар: Информатика пәнінен 10 сынып оқушысы Курбанбаев Жан «Алтын медаль» (мұғалімі: Д.Б.Ибраев), география пәнінен  9 сынып оқушысы Бейсенхан Бейғұт  «Күміс медаль» (мұғалімі:М.Ж.Мухамадиев), биология пәнінен  9 сынып оқушысы Нұртаев Серікбол «Қола медаль» (мұғалімі:А.А.Сүйеуғали) иеленді.  Құттықтаймыз!!!

        • Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары.Педагог - психологтардың облыстық семинары
          • Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары.Педагог - психологтардың облыстық семинары

          • Семинардың мақсаты :Психологиялық түзету -теңестіру,дамытудың тиімді жолдарын ұсыну,түзету,дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсету.Лицей фоесінде  әдіскер С.Қ. Болсанбекова мен   педагог-психолог   С.Е.Нұрсапаева оқушылардың жетістіктері көрмесін ұйымдастырып,"Робототехника","Интеллект" үйірмелерінің жұмысымен семинарға қатысушыларды(40 ұстаз) таныстырды.Семинарды ұйымдастырушылар Облыстық әдістемелік кабинеті мен қазақ- түрік лицейі.

        • Жарқын болашақ
          • Жарқын болашақ

          •      Облыстық «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасына арнайы шақырылған қонақтар мен әділқазылар алқасы.

                Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгүл Тілеутайқызы,Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрының  директоры  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Темербаева  Ғалия   Әмірқамзақызы,Қ.Байсейітов ат. Саз колледжінің директоры, Ы.Алтынсарин ат. Төс белгісі және  ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгілерінің, ТМД-ң өнері мен мәдениетіне сінірген еңбегі үшін медаль иегері Адырбаев Әділхан Қылышқанұлы.

                Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығы мен «Жыл таңдауы»  номинациясының иегері , жез таңдай әнші,тележүргізуші – Гүлнұр Оразымбетова,Сүлеймен Демирель ат.университеті филология кафедрасының  профессор ассистенті, филология ғылымдарының кандидаты Керимбекова  Баян  Дәулетханқызы т.б.

        • Облыстық «Жарқын болашақ»  2017. Жеңімпаздары
          • Облыстық «Жарқын болашақ» 2017. Жеңімпаздары

          • «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.   IX рет өткізілген республикалық  «Жарқын болашақ» қазақ тілі  олимпиадасының облыстық кезеңінің ұйымдастырушылары Алматы облысының білім басқармасы мен Қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернаты.

             

          • 25 ақпан күні IX облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді

          • Талдықорған қаласындағы қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту,ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,  Қазақстан жастарының еліне деген сүйіспеншілігін ояту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында IX облыстық «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.Олимпиада бес бағыт бойынша жүргізіліп оған 16 аудан,  3 қала мектептерінен  165 оқушы қатысып,  60оқушы жүлдеге ие болды.

            Бірінші орын алған оқушылар наурыз айында өтетін  Республикалық байқауға жолдама алды.

          • Шұғыл түрдегі ата-аналар жиналысы . "Көк кит" ойынына тіркелудің алдын алу шаралары

          • Елімізде суицидке итермелейтін "Көк кит" ойыны жасөспірімдер арасында кең тарап, алғашқы құрбандары да тіркелген екен.Лицей оқушыларын осындай  іс -әректтерден сақтандыру үшін,11.02. күні жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.

            Мектеп психологы Нұрсапаева С.Е. «Жасөспірімдердің дамуының психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері»тақырыбында баяндама жасап,ата-аналарға керекті кеңестер берді.

            ДТІЖО Мухамадиев М.Ж. "Көк кит" ойыны жайлы бейнефильмдер көрсетіп, ата-аналарға балаларының қандай  сайттарды қолданатынын жиі тексеріп тұруларын қатаң ескертіп,лицейдің ішкі ережесін бұзбауға шақырды.

            Жиналысқа арнайы келген  ҚББ басшысының міндетін атқарушы Ахметова Г.Т. лицей ұжымын, ата-аналарды суицидиальдық әректтер жайлы мысалдар келтіріп оның алдын алу шараларын түсіндіріп берді.

        •                           Жолдауға - қолдау.08.02.2017ж. Лицей ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, қызу талқылады.
          • Жолдауға - қолдау.08.02.2017ж. Лицей ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, қызу талқылады.

          •       Бүгінде республикамыздың эконо­ми­калық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақ­са­рып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұр­лы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді.

                 Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жо­лы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, хал­қын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұр­ғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.

                Елбасы  Жолдауында білім саласына бірқатар міндет жүктеп отырғанын жеткізді.Ондағы негізгі мәселе қала мен ауыл мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі,Қазақ тілінің басымдығы сақталып,оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіні айтылды.Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі болғандықтан,оны меңгермей,Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайтыны талқыланды.

                Бұл айтылған мәселелер ұжым арасында талқыланып, Жолдау жүктеген жаңа міндеттер педагог қауымның қолдауына ие болды.

    • Contacts

      • Taldykorgan "Bilim-Innovation" High School for Gifted Boys
      • 8 (7282) 22-26-69
      • 43/6 Kadyrgali Zhalayiri Ave.
        040000 Taldykorgan
        Kazakhstan
      • Instagram: bil.taldyqorgan
      • Telegram channel: https://t.me/taldyqbil