Жаңалықтар

        •  Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздарын Құттықтаймыз!!!
          • Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздарын Құттықтаймыз!!!

          • 20-22 сәуір аралығында өткен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының нәтижесі

             Алматы облысы бойынша қатысқан оқушылар саны : 10.ІІ дәрежелі диплом мен Алматы қаласындағы  Сүлейман Демирел университетінің грант иегері: «Жазушылар» бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы «Білім инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Қалмұрат Естай І дәрежелі диплом мен Алматы қаласындағы  Сүлейман Демирел университетінің грант иегері:  «Жас ғалымдар» бағыты бойынша, Балқаш ауданы ,Бақанас ауылы  Б.Бейсекбаев ат.ОМ 11 сынып оқушысы Уразова Дана.                            ІІ дәрежелі диплом иегері: «Сөз шебері» бағыты бойынша  Қаратал ауданы,Кәлпе ОМ 11сынып оқушысы Сон Александр.  ІІІ дәрежелі диплом иегері:«Жазушылар» бағыты бойынша,Қаратал ауданы,Р.Қошқарбаев ат.ОМ 11сынып оқушысы Нейман Алия.

             

        • Бір ел - бір кітап акциясы . Ата -аналар арасында
          • Бір ел - бір кітап акциясы . Ата -аналар арасында

          • Лицейімізде алғаш  рет ата -аналар арасында кітап оқу жарысы өткізілді. Оқуға ұсынылғаны  І.Есенберлиннің  "Алтын орда" романы.

            Жеңімпаз ата -аналарды  Құттықтаймыз!

            I орын  - Құдайбергенова Ә.Т.


            II орын - Абдыкимов Н.А.


            IIорын - Буханов А.Т.


            II орын - Алшинбекова Ә.М.


            III орын -  Адилжанқызы Г.     

        • "Бір ел - бір кітап  2017" акциясы
          • "Бір ел - бір кітап 2017" акциясы

          • "Бір ел - бір кітап  2017" акциясы бойынша  III тоқсанда  оқылатын кітаптар тізімі :7 сыныптарға, С.Мұқанов "Балуан Шолақ"

            8 сыныптарға,Ш.Мұртаза "Қызыл Жебе!

            9 сыныптарға,Ғ.Мүсрепов "Ұлпан"

            10-11 сыныптарға,С.Мұқанов "Аққан жұлдыз" 

        • «Достығымыз жарасқан»
          • «Достығымыз жарасқан»

          • 9 сәуір күні Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей – интернатында

            «Армысың, әз- Наурыз  2017!»   атты  мерекелік  іс-шара өтті

                 Іс-шара ұжымның «Көрісу» рәсімімен ашылып,сыныптардың мерекелік   «Достығымыз жарасқан» қойылымдары мен Қазақстанда  тұратын  ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерін  сайыс түрінде дәріптеу шараларымен жалғасты. Ата-аналар лйцей ауласына киіз үйлер тігіп ,оқушыларды ,келген қонақтарды,түлектерді  дәстүрлі наурыз көже, баурсақтарымен қарсы алып жатты.Ойын алаңында  қонақтар,оқушылар  ұлттық ойындарда бақ сынасып, түрлі байқауларға қатысты.Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен марапаттауларға ие болды. Гран-при, 1-1-орын, 3- 2орын,  3-3 орын болды.Спорттық жарыстар жеке марапатталды. Гран приді  –  Қазақ ұлтының салт – дәстүрін, өнерінің мән- мағанасын толық аша білгендері үшін  7 «б» сынып  иеленді.    I орын – 8 «б» сынып Корей халқының  өнерін,салт- дәстүрін паш етті.                            

               Наурыз мейрамы,шын мәнінде қараңғыны жарық, суықты жылы жеңетін, күн мен түннің теңесеуі ғана емес,ұжымның бірлігін нығайтатын,ата мен баланы жақындастыратын,өткенді жаңартатын мереке екені осы іс-шарада тағы бір дәлелденді.

             

        • Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"
          • Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"

          • Наурыз мерекесі, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанда  тұратын барлық  ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесі. Сондықтан да, биылғы Наурыз мейрамы «Достығымыз жарасқан» тақырыбында өткізілді.

      • Contacts

        • Taldykorgan "Bilim-Innovation" High School for Gifted Boys
        • 8 (7282) 22-26-69
        • 43/6 Kadyrgali Zhalayiri Ave.
          040000 Taldykorgan
          Kazakhstan
        • Instagram: bil.taldyqorgan
        • Telegram channel: https://t.me/taldyqbil