18.10.17 ж. «Білім-Инновация» лицей-интернат» базасында қалалық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері» атты оқыту семинары 37 ұстаздың қатысуымен өтті. Семинардың мақсаты: Қалалық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен тәжірбие алмасу. Міндеттері: бірлесе жұмыс істеудің жолын қарастыру; кәсіби орта құра отырып, оқытудың әдіс тәсілдерімен бөлісу.
Жаңалықтар
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Семинар бағдарламасының тақырыбы мен күн тәртібіндегі мәселелер туралы қалалық АӘД пәні мұғалімдері әдістемелік кеңесінің төрағасы Айтбаев Б. таныстырды. «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері» тақырыбы бойынша лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қ.Кенесбаев, 10 cыныпты топқа бөлу арқылы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардан күтілетін нәтиже: Мұғалімнің бірлесе жұмыс істеудің жолын қарастыру туралы пікірі қалыптасады; Мұғалім өз тәжірибесіне енгізеді; Топтық жұмыс дағдылары қалыптасады.
Рухани жаңғыру
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Білім-инновация» лицей-интернатында Қазақстан Республикасының полигонын жабуда өте зор үлес қосқан Олжас Сүлейменовтын бірінші көмекшісі Мамбетов Хамит Исаұлымен кездесу өткізілді.
Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады – деп оқушылармен әдеби-сазды кешін өткізді. Әдеби-сазды кешке лицей оқушылары, ұстаздары мен тәрбиешілері қатысып, ойларымен бөлісіп Хамит ағамыздын сұрақтары жауап айтып, би билеп, тақпақ пен ән айтып өткен тарихты көз алдында елестетіп, бір жауапкершілікте екендерін сезініп қайтты.
Хамит Исаұлы лицей оқушыларын көп кітап оқуға шақырды. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрам Жолдыбайұлы Хамит ағамызға лицейіміздің тарихы туралы кітабын сыйға тартты.
«ҰСТАЗ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ»
Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі алатын орны ерекше. Лицейімізде ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілігімен және 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Жиын залында оқушылар ұстаздарын шоқ гүлдерімен қоса мерекелік жақсы тілектерімен қарсы алды. Сахнада барлық сынып оқушылары кезек- кезек ән айтып, би билеп, қызықты көріністерімен мұғалімдерге мерекелік шаттық көңіл күй сыйлады.
«Өзін-өзі басқару ұйымы» сайлау
Талдықорған «Білім-Инновация» лицей- интернатында» оқушыладың өзін-өзі басқару ұйымына сайлау өтті. Сайлауға 11сынып оқушылары арасынан президенттікке 4 оқушы, министірліктерге 10 сынып оқушыларынан 16 үміткер болды.Олар сайлау алды науқанына белсене қатысып лицей оқышыларын, мұғалімдерді бағдарламаларымен таныстырып, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.
Сайлау қорытындысы лицей ұжымы мен оқушыларына салтанатты сапта жарияланып жеңіске жеткен жетістіктерімен құттықталды «Білегіңе сенбе, біліміңе сен!» ұранымен лицейіміздің президенті болып Күмісбек Досжан сайланды, Білім және ғылым министрі – Арзенов Қажымұқан, Байланыс және ақпарат министрі – Бекетайұлы Данияр, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Қамай Ұлан, Қоршаған ортаны қорғау министрі - Әсет Ердана, Денсаулық және спорт министрі - Нұрдыбай Жарас, Бейсенхан Бейғұт - Мәдениет министрі болып, сайлаушылардың көңілінен шығып, көп дауыс жинап сайланды. Лицей Президенті Күмісбек Досжан «Бірлік түбі - береке» негізінде ой бөлісіп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.