Жеңімпаздар марапатталды:Халықаралық ғылыми жобадан- 7оқушы,Республикалық ғылыми жобадан -2оқушы,Республикалық пән олипиадасынан -3 оқушы,КБО -2 оқушы,Жарқын болашақ -1 оқушы,Ясауи олимпиадасында -1 оқушы жүлделі орындарды иеленді. құттықтаймыз!!!
Жаңалықтар
25 мамыр соңғы қоңырау мерекесі
25 мамыр соңғы қоңырау мерекесі
2016-2017 оқу жылының үздіктері марапатталды
ЕҢБЕГІМЕН ЕР АТАНҒАН ЖЕРЛЕСТЕР
Жуырда лицейде, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры, «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбекпен,Грек-рим күресінен ,Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ,халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденінің иегері Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевпен кездесу өтті.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу.Мақсаты:Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етіп, ардагерледі құрметтеуге тәрбиелеу. Соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер аталарымыз, Турашев Боран ата,Қанапиянов Тоқтар ата, үлкен тәрбиелік мәні бар әңгіме өрбітіп,кездесу соңы мереклік концертке ұласты.
Ардагерлерге құрмет
Саптық шеру
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған "Саптық шеру"
Лицейде 9 мамыр Жеңіс күніне орай сыныптар арасында сапта жүру жарысы өтті.Жарысқа 7-10 сынып оқушылары қатысып күш сынасты.
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Мақсаты: Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін, халқымыздың рухани байлығын игеруге,өнерлі,білімді болуға тәрбиелеу.Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты ояту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сайыстың бағыттары:
- «Таныстырсам өзімді»
- «Жігітке жеті өнер де аз»
- «Көркіне ақылы сай»
- «Күш атасын танымас»
- «Шебердің қолы ортақ". Жігіттер сайысқа жақсы дайындықпен келіпті,кеш өте тартымды,көңілді өтті.
" ЖІГІТ СҰЛТАНЫ -2017!" байқауының жеңімпаздары
I орын "Жігіт сұлтаны" Смағұл Айбар
II орын "Қайсар жігіт" Нұрбаев Ерасыл
III орын "Сері жігіт" Бекеев Қуаныш . ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! !!