Өзін-өзі тану пән мұғалімі С.Нұрсапаева 10б сынып оқушыларымен «Отбасы – өмірдің мәні» атты ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Жаңалықтар
Кітапханашы Н.Қамытбекова «Отбасы – бақыт мекені» атты көрме ұйымдастырылып, өзін-өзі тану пән мұғалімі С.Нұрсапаева 10б сынып оқушыларымен «Отбасы – өмірдің мәні» атты ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Отбасылық спорттық сайыс «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» атты отбасылық жарыс арқылы қорытындыланды.
«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН»
13-23 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа баулу аясында отбасылық спорттық жарыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Лицей апта аясында өтілетін іс-шаралар жоспары негізінде, апталықтың ашылуы «Әрбір отбасы мемлекет қорғауында» атты салтанатты жиынмен ашылды.
«Тіл- асыл қазына»
Кітапханашы Н.Қамытбекова «Тіл- асыл қазына» атты көрме ұйымдастырды.Тарих пәні мұғалімдері Мурзекенов А., Қожабекова Ә. «Латын әліпбиіне көшудің өзектілігі» атты ашық тәрбие сағаты 10 сыныптар арасында жоғарғы деңгейде өтті. 7-10 сыныптардың қатысуымен «Көп тіл білген адам» тақырыбында эссе, өлең жазу байқауы ұйымдастырылды. Барлық оқушылардың тіл жайында жазған жұмыстары тыңдалып, талқыланып, нәтижесі шығарылды.
«Тіл- бар білімнің кілті»
13-23 қыркүйек аралығында «Тіл- бар білімнің кілті» тақырыбында тілдер мерекесі, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында тілдер мерекесі өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты мемлекеттік тілді мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Туған елін сүюге, еліне деген мақтаныш, патриотизмін нығайту. Оқушылардың «ҚР-ғы Тіл туралы» Заңына арқау болып отырған мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін ояту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәні мен маңызына терең мән беру, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, отаншыл болуға баулу. Осы мақсаттарға жету үшін лицей мұғалімдері Р.Ибраимова, Н.Қамытбекова, К.Турашова, С.Болсанбекова үлкен үлес қосты.
Алғашқы қоңырауды соғу салтанаты әр сыныптың үздік, белсенді оқушыларына тапсырылды (10 оқушы). Лицейге жаңа қабылданған 7 сынып оқушылары қошеметпен білім күніне арналған тәрбие сағатын өткізуге өз сыныптарына кірді. Барлық сыныптарда оқу жылының алғашқы сабағы «Мен өз Елімнің патриотымын» тақырыбында өткізілді.
Арнайы құттықтау сөзді, және де лицейіміздің ұлағатты ұстаздарына Ғылым және Білім министірлігінің мадақтамаларын табыстау құрметі, Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Мамбетжанов Н.М. ұсынылды.
«Сыңғырла,күміс қоңырау!»
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынмен оқу жылын бастады. Жиын Казақстан республикасының ән ұранымен ашылып, лицей директоры Пириев Эльбурс Камалұлы жаңа оқу жылына арналған құттықтау сөзімен жалғасты. Сонымен қоса оқушылармен ұстаздарды Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Мамбетжанов Нұрлан Мәлікұлы және ата-аналар комитетінің төрағасы Бердібеков Алмас Тоқтамысұлы құттықтады. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Айсина Гүлтуған Тенешқызы ата-аналарды, қонақтарды осы оқу жылында сабақ беретін ұстаздармен таныстырып, оқу жылына табыс тіледі.
Болашақта білімнің биік шыңдарын бағындырып, армандарға қол жеткізсек деген үмітпен 11 сынып оқушылары ұстаздары мен інілеріне деген ыстық лебізі мен лицейіміздің табалдырығын енді аттағалы отырған 7сынып оқушылары алғашқы ойларымен бөлісті.