Жаңалықтар

          • ✨ Құттықтаймыз!✨

          • Лицей ұстаздары кәсіби еңбегі мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болды!🏅 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен лицейіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде зейнетке шыққан Турашева Кульназ Махметовна марапатталды.🎖 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраимова Раушан Нигиметбековна марапатталды.Ұстаздарымыздың бұл марапаттары — олардың көпжылдық қажырлы еңбегінің, шәкірт тәрбиелеудегі кәсіби шеберлігінің және білім беру саласына қосқан зор үлесінің айқын дәлелі.Құрметті әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз!

          • “Әбіш оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі

          • 2026 жылдың12 наурызында өткен “Әбіш оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен оқушыларымыз жетістікке жетті:• Ә.Кекілбаевтың шығармаларын(прозасы, поэзиясынан)мәнерлеп оқу бағыты бойынша Жұмабайұлы Рамазан ІІІ орын;• Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан зерделеу жоба бағыты бойыншаЯкай Бексұлтан ІІІ орынҚұттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын.

          • Жалғасын тапқан тағы бір жетістік

          • Астана қаласында өткен Қаржы және экономика бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінде оқушымыз Бекмолда Әділет жүлделі ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻Жеңіс биігінен көрінген оқушымызбен мақтанамыз!БИЛ алға!

          • Ғалым жобаның республикалық кезені жеңімпаздары

          • 2026 жылдың ақпан айы лицейіміз үшін жарқын жетістіктерге толы болды ✨

            Қарағанды қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде 11-сынып оқушыларыУсенов Нұрасыл және Мырзабек Ұланөлкетану секциясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды 🥉🏆👏

            Ал Астана қаласында өткен республикалық кезеңдеБолысбай Нұркелді мен Башаров АсланІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жоғары нәтиже көрсетті 🥉🏆🔥

            Оқушыларымыз Жетісу облысының намысын абыроймен қорғап, республика деңгейінде үздіктер қатарынан көрінді 💪📚

            Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉Білім мен ғылым жолындағы табыстарыңыз арта берсін, алар асуларыңыз биік болсын! 🚀📖

            Лицейіміздің мерейін үстем етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз ❤️

          • Үздік олимпиадалық команда

          • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау салтанатында лицейіміз облыс бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойыншаІ орынға ие болды! Бұл – барша ұжымның ортақ еңбегінің жемісі.Осы жетістікке жетуде аянбай еңбек еткен мұғалімдерімізге, білімге ұмтылған оқушыларымызға, әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналарымызға және тынымсыз еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерімізге шынайы алғысымды білдіреміз!

          • 19 наурыз – Жаңару күні

          • Бүгін мектебімізде Жаңару күніне орай игі іс-шара ұйымдастырылды. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.Атап айтқанда, 3 қылқан жапырақты ағаш, 5 жеміс ағашы және 7 қарапайым ағаш отырғызылды 🌳Бұл шара оқушыларға табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті сезінуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейді. Жаңару күні – жаңа бастамалардың, тазалық пен жақсылықтың символы.

      • Contacts

        • Taldykorgan "Bilim-Innovation" High School for Gifted Boys
        • 8 (7282) 22-26-69
        • 43/6 Kadyrgali Zhalayiri Ave.
          040000 Taldykorgan
          Kazakhstan
        • Instagram: bil.taldyqorgan
        • Telegram channel: https://t.me/taldyqbil