Қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатының ұжымы
Жаңалықтар
Жарқын болашақ 2017. Ұйымдастырушылары
Жарқын болашақ .ТКТЛ құрамасы
Жарқын болашақ
Облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына арнайы шақырылған қонақтар мен әділқазылар алқасы.
Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгүл Тілеутайқызы,Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Темербаева Ғалия Әмірқамзақызы,Қ.Байсейітов ат. Саз колледжінің директоры, Ы.Алтынсарин ат. Төс белгісі және ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгілерінің, ТМД-ң өнері мен мәдениетіне сінірген еңбегі үшін медаль иегері Адырбаев Әділхан Қылышқанұлы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығы мен «Жыл таңдауы» номинациясының иегері , жез таңдай әнші,тележүргізуші – Гүлнұр Оразымбетова,Сүлеймен Демирель ат.университеті филология кафедрасының профессор ассистенті, филология ғылымдарының кандидаты Керимбекова Баян Дәулетханқызы т.б.
«Жарқын болашақ» жеңімпаздары
Облыстық «Жарқын болашақ» 2017. Жеңімпаздары
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. IX рет өткізілген республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің ұйымдастырушылары Алматы облысының білім басқармасы мен Қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернаты.
25 ақпан күні IX облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді
Талдықорған қаласындағы қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту,ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, Қазақстан жастарының еліне деген сүйіспеншілігін ояту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында IX облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.Олимпиада бес бағыт бойынша жүргізіліп оған 16 аудан, 3 қала мектептерінен 165 оқушы қатысып, 60оқушы жүлдеге ие болды.
Бірінші орын алған оқушылар наурыз айында өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.
Республикалық "Robotics 2017" жарысының жеңімпаздары, "Алтын медаль" иегерлері
10 сынып оқушылары Күмісбек Досжан,Сералы Мейіржан,Саяқов Дамир,Қаратаев Ербол жарыстың бірінші орын иегерлері.
Құттықтаймыз!
"Менің сүйікті Жетісуым!" Облыстық өлкетану жарысы
7-8 сынып оқушылары :Тұрарбеков Аламан,Арманұлы Мирас,Нәби Дәурен,Тұрсынғали Нұр жарысқа қатысып 20 команданың
ішінен жүлделі IIорынды иеленді.Құттықтаймыз!
Шұғыл түрдегі ата-аналар жиналысы . "Көк кит" ойынына тіркелудің алдын алу шаралары
Елімізде суицидке итермелейтін "Көк кит" ойыны жасөспірімдер арасында кең тарап, алғашқы құрбандары да тіркелген екен.Лицей оқушыларын осындай іс -әректтерден сақтандыру үшін,11.02. күні жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп психологы Нұрсапаева С.Е. «Жасөспірімдердің дамуының психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері»тақырыбында баяндама жасап,ата-аналарға керекті кеңестер берді.
ДТІЖО Мухамадиев М.Ж. "Көк кит" ойыны жайлы бейнефильмдер көрсетіп, ата-аналарға балаларының қандай сайттарды қолданатынын жиі тексеріп тұруларын қатаң ескертіп,лицейдің ішкі ережесін бұзбауға шақырды.
Жиналысқа арнайы келген ҚББ басшысының міндетін атқарушы Ахметова Г.Т. лицей ұжымын, ата-аналарды суицидиальдық әректтер жайлы мысалдар келтіріп оның алдын алу шараларын түсіндіріп берді.
Жолдауға - қолдау.08.02.2017ж. Лицей ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, қызу талқылады.
Бүгінде республикамыздың экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұрлы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді.
Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жолы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, халқын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұрғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.
Елбасы Жолдауында білім саласына бірқатар міндет жүктеп отырғанын жеткізді.Ондағы негізгі мәселе қала мен ауыл мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі,Қазақ тілінің басымдығы сақталып,оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіні айтылды.Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі болғандықтан,оны меңгермей,Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайтыны талқыланды.
Бұл айтылған мәселелер ұжым арасында талқыланып, Жолдау жүктеген жаңа міндеттер педагог қауымның қолдауына ие болды.
«Өрендер өмірі» атты кездесу
Қазанстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің академиясының курсанты- Жүніс Әлімжан Қайыржанұлы лицей түлегі,лицей мақтанышы
Өреннің жолы, лицей үшін үлгі
"Қайсар Рухты Ақын" Мұхтар Шахановтың туғанына 75 жыл
Көркем- әдеби кешті ұйымдастырған лицей кітапханашысы Қамытбекова Н.Қатысқандар 9 а,б сыныптары