Навигация

  • Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздарын қуанышпен қарсы алу

    Республикалық пән олимпиадасының  жеңімпаздарын қуанышпен  қарсы алу
  • Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы

    Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы

            Павлодар қаласында оқушылардың  жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық пәндер олимпиадасы болып өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан барлығы 764 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Талдықорған «Білім – Инновация» лицейінің оқушылары жүлдемен оралды . Олар: Информатика пәнінен 10 сынып оқушысы Курбанбаев Жан «Алтын медаль» (мұғалімі: Д.Б.Ибраев), география пәнінен  9 сынып оқушысы Бейсенхан Бейғұт  «Күміс медаль» (мұғалімі:М.Ж.Мухамадиев), биология пәнінен  9 сынып оқушысы Нұртаев Серікбол «Қола медаль» (мұғалімі:А.А.Сүйеуғали) иеленді.  Құттықтаймыз!!!

  • Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары.Педагог - психологтардың облыстық семинары

    Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары.Педагог - психологтардың облыстық семинары

    Семинардың мақсаты :Психологиялық түзету -теңестіру,дамытудың тиімді жолдарын ұсыну,түзету,дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсету.Лицей фоесінде  әдіскер С.Қ. Болсанбекова мен   педагог-психолог   С.Е.Нұрсапаева оқушылардың жетістіктері көрмесін ұйымдастырып,"Робототехника","Интеллект" үйірмелерінің жұмысымен семинарға қатысушыларды(40 ұстаз) таныстырды.Семинарды ұйымдастырушылар Облыстық әдістемелік кабинеті мен қазақ- түрік лицейі.

  • Педагог-психологтардың облыстық семинары

    Педагог-психологтардың облыстық семинары

    15.03.Жұмыс жоспары:Тренинг.Ашық сабақтар: "Мен және Біз","Шебер -сынып","Постер-сессия".Кері байланыс.Қорытындылау.

  • Жарқын болашақ 2017. Ұйымдастырушылары

    Жарқын болашақ 2017. Ұйымдастырушылары

    Қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатының ұжымы

  • Жарқын болашақ .ТКТЛ құрамасы

    Жарқын болашақ .ТКТЛ құрамасы
  • Жарқын болашақ

    Жарқын болашақ

         Облыстық «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасына арнайы шақырылған қонақтар мен әділқазылар алқасы.

        Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгүл Тілеутайқызы,Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрының  директоры  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Темербаева  Ғалия   Әмірқамзақызы,Қ.Байсейітов ат. Саз колледжінің директоры, Ы.Алтынсарин ат. Төс белгісі және  ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгілерінің, ТМД-ң өнері мен мәдениетіне сінірген еңбегі үшін медаль иегері Адырбаев Әділхан Қылышқанұлы.

        Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығы мен «Жыл таңдауы»  номинациясының иегері , жез таңдай әнші,тележүргізуші – Гүлнұр Оразымбетова,Сүлеймен Демирель ат.университеті филология кафедрасының  профессор ассистенті, филология ғылымдарының кандидаты Керимбекова  Баян  Дәулетханқызы т.б.

  • «Жарқын болашақ» жеңімпаздары

    «Жарқын болашақ»  жеңімпаздары
  • Облыстық «Жарқын болашақ» 2017. Жеңімпаздары

    Облыстық «Жарқын болашақ»  2017. Жеңімпаздары

    «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.   IX рет өткізілген республикалық  «Жарқын болашақ» қазақ тілі  олимпиадасының облыстық кезеңінің ұйымдастырушылары Алматы облысының білім басқармасы мен Қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернаты.

     

  • 25 ақпан күні IX облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді

    Талдықорған қаласындағы қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту,ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,  Қазақстан жастарының еліне деген сүйіспеншілігін ояту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында IX облыстық «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.Олимпиада бес бағыт бойынша жүргізіліп оған 16 аудан,  3 қала мектептерінен  165 оқушы қатысып,  60оқушы жүлдеге ие болды.

    Бірінші орын алған оқушылар наурыз айында өтетін  Республикалық байқауға жолдама алды.

  • Республикалық "Robotics 2017" жарысының жеңімпаздары, "Алтын медаль" иегерлері

    Республикалық  "Robotics 2017" жарысының жеңімпаздары, "Алтын медаль" иегерлері

    10 сынып оқушылары Күмісбек Досжан,Сералы Мейіржан,Саяқов Дамир,Қаратаев Ербол жарыстың бірінші орын иегерлері.

    Құттықтаймыз!

  • "Менің сүйікті Жетісуым!" Облыстық өлкетану жарысы

    "Менің сүйікті Жетісуым!" Облыстық өлкетану  жарысы

    7-8 сынып оқушылары :Тұрарбеков Аламан,Арманұлы Мирас,Нәби Дәурен,Тұрсынғали Нұр жарысқа қатысып 20 команданың 

    ішінен жүлделі IIорынды  иеленді.Құттықтаймыз!

  • Шұғыл түрдегі ата-аналар жиналысы . "Көк кит" ойынына тіркелудің алдын алу шаралары

    Елімізде суицидке итермелейтін "Көк кит" ойыны жасөспірімдер арасында кең тарап, алғашқы құрбандары да тіркелген екен.Лицей оқушыларын осындай  іс -әректтерден сақтандыру үшін,11.02. күні жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.

    Мектеп психологы Нұрсапаева С.Е. «Жасөспірімдердің дамуының психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері»тақырыбында баяндама жасап,ата-аналарға керекті кеңестер берді.

    ДТІЖО Мухамадиев М.Ж. "Көк кит" ойыны жайлы бейнефильмдер көрсетіп, ата-аналарға балаларының қандай  сайттарды қолданатынын жиі тексеріп тұруларын қатаң ескертіп,лицейдің ішкі ережесін бұзбауға шақырды.

    Жиналысқа арнайы келген  ҚББ басшысының міндетін атқарушы Ахметова Г.Т. лицей ұжымын, ата-аналарды суицидиальдық әректтер жайлы мысалдар келтіріп оның алдын алу шараларын түсіндіріп берді.

  • Жолдауға - қолдау.08.02.2017ж. Лицей ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, қызу талқылады.

                              Жолдауға - қолдау.08.02.2017ж. Лицей ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, қызу талқылады.

          Бүгінде республикамыздың эконо­ми­калық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақ­са­рып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұр­лы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді.

         Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жо­лы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, хал­қын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұр­ғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.

        Елбасы  Жолдауында білім саласына бірқатар міндет жүктеп отырғанын жеткізді.Ондағы негізгі мәселе қала мен ауыл мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі,Қазақ тілінің басымдығы сақталып,оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіні айтылды.Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі болғандықтан,оны меңгермей,Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайтыны талқыланды.

        Бұл айтылған мәселелер ұжым арасында талқыланып, Жолдау жүктеген жаңа міндеттер педагог қауымның қолдауына ие болды.

  • «Өрендер өмірі» атты кездесу

    «Өрендер өмірі» атты кездесу

    Қазанстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара  қызметінің академиясының курсанты- Жүніс Әлімжан Қайыржанұлы  лицей түлегі,лицей мақтанышы

  • Өреннің жолы, лицей үшін үлгі

    Өреннің  жолы,  лицей үшін үлгі
  • "Қайсар Рухты Ақын" Мұхтар Шахановтың туғанына 75 жыл

    "Қайсар Рухты Ақын" Мұхтар Шахановтың туғанына 75 жыл

    Көркем- әдеби кешті ұйымдастырған лицей кітапханашысы Қамытбекова Н.Қатысқандар 9 а,б сыныптары

  • Бір ел-бір кітап акциясы. Екінші кезеңі

                                            Бір ел-бір кітап акциясы.  Екінші кезеңі

    Оқуға ұсынылған кітаптар: 7сыныптарға- «Муму» повесть, автор И.С.Тургенев.                    

    8 сыныптарға – «Тарас Бульба» повесть, автор Н.В.Гоголь.

    9 сыныптарға – «Капитанская дочка» повесть, автор А.Пушкин

    10-11 сыныптарға - «Герой нашего времени» роман, автор М.Ю.Лермонтов

  • 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын насихаттау,спорт ойындары

    28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын насихаттау,спорт ойындары

    Жарыстар 7-8-9-10-11 сынып оқушылары арасында

    1. Қардан мүсін жасау,

    2. Шанамен жүгіру

    3. Конькимен жүгіру

    4. Шаңғымен жүгіру

    5. Қармен нысана көздеу 

  • «ҚЫСҚЫ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ»

     «ҚЫСҚЫ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ»

Новости

Информация о школе

  • Талдықорған «Білім-Инновация» лицей-интернаты
    7 ықшам аудан, 3 үй
    Сайт: www..taldykktl.kz
  • 8 (7282) 22-26-69

Фотогалерея