Навигация

Ереже

Лицейге оқушыларды қабылдау тәртібі

  1. Лицейге Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 6 сыныбын бітірген оқушылар конкурстық негізде қабылданады.
  2. Лицейге оқушыларды қабылдау емтихандар нәтижелері бойынша Лицей Басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Лицей Басшысы түсетін оқушыларды, олардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерін қабылдау ережелерімен, жарғымен және Лицейдің білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруы тиіс.
  3. Оқушыларды қабылдауды және қабылдау емтихандарын өткізуді ұйымдастыру мақсатында Меморандум аясында әрекет ететін Қормен орталық қабылдау комиссиясы құрылады.
  4. Жергілікті жерлерде қабылдау емтихандарын өткізу және емтихан парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жіберу үшін Басшы бес педагог маманнан тұратын жергілікті комиссия құрады.
  5. Лицейге қабылдау емтихандары екі айналымнан тұрады.
  1. Бірінші айналымда 60 сұрақтан тұратын кешенді тестілеу өткізіледі, оның ішінде 40 сұрақ – математика мен логикадан, 10 сұрақ – қазақ тілінен, 10 сұрақ – Қазақстан тарихынан беріледі.  
  2. Екінші айналымда 75 сұрақтан тұратын тестілеу өткізіледі, оның ішінде: 55 сұрақ – математика мен логикадан, 10 сұрақ – қазақ тілінен,10 сұрақ – Қазақстан тарихынан беріледі.
  1. Бірінші айналымды өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.
  2. Конкурстың екінші айналымы бірінші тур нәтижесі шыққаннан кейін өткізіледі. Екінші айналымды өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.
  3. Бірінші айналым тапсырмаларын орындауға 100 минут астрономиялық уақыт беріледі.
  4. Екінші айналым тапсырмаларын орындауға 100 минут астрономиялық уақыт беріледі.
  5. Емтихан материалдарын таратуға, жауап парақтарының қызметтік секторларын толтыруға, сондай-ақ, үміткерлердің аудиториядағы тәртіп ережелерін түсіндіруге жұмсалатын уақыт тестілеуге берілетін уақытқа кірмейді.
  6. Бағалау өлшемдері (критерийлері): барлық дұрыс және қате жауаптар саналады. Төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Қалған дұрыс жауаптар 1,5-ке көбейтіледі.
  7. Екі айналым аяқталғаннан кейін, қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
  8. Тестілеу нәтижелерін орталық қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлердің жауап парақтары бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде тексереді.
  9. Бірінші айналым қорытындылары бойынша жоғары ұпай (балл) жинаған үміткерлер (рейтинг бойынша) екінші айналымға өтеді.
  10. Бір сынып (25 адам) қабылдағанда, екінші айналымға  40-тан, екі сынып болса – 50-ден, немесе үш сынып болса – 75-тен артық емес оқушы шақырылады. Тиісінше екінші айналымға 80-нен немесе 120-дан көп емес оқушы шақырылады.
  11. Әрбір айналымның нәтижелері тестілеуден кейінгі 15 күн ішінде белгілі болады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда оқушы апелляцияға бере алады. Апелляция айналым нәтижелері жарияланған күннен кейінгі төрт күн ішінде беріледі және апелляциялық комиссиямен қаралады.
  12. Бірінші және екінші айналымдардың қорытындылары бойынша орталық қабылдау комиссиясы Лицейге комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген, үміткерлердің жинаған ұпайы көрсетілген тізімін жолдайды.
  13. Жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер Лицей басшысының бұйрығымен Лицейге қабылданады.

 

Новости

Информация о школе

  • Талдықорған «Білім-Инновация» лицей-интернаты
    7 ықшам аудан, 3 үй
    Сайт: www..taldykktl.kz
  • 8 (7282) 22-26-69

Фотогалерея