Навигация

  • Ардагерлерге құрмет

    Ардагерлерге құрмет
  • Саптық шеру

     Саптық шеру
  • Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған "Саптық шеру"

    Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған   "Саптық шеру"

    Лицейде 9 мамыр Жеңіс күніне орай  сыныптар арасында сапта жүру жарысы өтті.Жарысқа 7-10 сынып оқушылары қатысып күш сынасты.

  • "Жігіт сұлтаны" байқауы

    "Жігіт  сұлтаны"  байқауы

    Мақсаты: Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін, халқымыздың рухани байлығын игеруге,өнерлі,білімді болуға тәрбиелеу.Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты ояту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

    Сайыстың бағыттары:

    1. «Таныстырсам өзімді» 
    2. «Жігітке жеті өнер де аз» 
    3. «Көркіне ақылы сай» 
    4. «Күш атасын танымас» 
    5. «Шебердің қолы ортақ".                                                                                                                                        Жігіттер сайысқа  жақсы дайындықпен келіпті,кеш өте тартымды,көңілді өтті.
  • " ЖІГІТ СҰЛТАНЫ -2017!" байқауының жеңімпаздары

    " ЖІГІТ  СҰЛТАНЫ  -2017!" байқауының жеңімпаздары

     I орын "Жігіт сұлтаны" Смағұл Айбар 

    II орын "Қайсар жігіт" Нұрбаев Ерасыл

    III орын "Сері жігіт" Бекеев Қуаныш .    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! !!

  • Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздарын Құттықтаймыз!!!

     Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздарын Құттықтаймыз!!!

    20-22 сәуір аралығында өткен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының нәтижесі

     Алматы облысы бойынша қатысқан оқушылар саны : 10.ІІ дәрежелі диплом мен Алматы қаласындағы  Сүлейман Демирел университетінің грант иегері: «Жазушылар» бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы «Білім инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Қалмұрат Естай І дәрежелі диплом мен Алматы қаласындағы  Сүлейман Демирел университетінің грант иегері:  «Жас ғалымдар» бағыты бойынша, Балқаш ауданы ,Бақанас ауылы  Б.Бейсекбаев ат.ОМ 11 сынып оқушысы Уразова Дана.                            ІІ дәрежелі диплом иегері: «Сөз шебері» бағыты бойынша  Қаратал ауданы,Кәлпе ОМ 11сынып оқушысы Сон Александр.  ІІІ дәрежелі диплом иегері:«Жазушылар» бағыты бойынша,Қаратал ауданы,Р.Қошқарбаев ат.ОМ 11сынып оқушысы Нейман Алия.

     

  • Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

    Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
  • География күні.Талдықорған қаласының кәсіпорындарына экскурсия

    География күні.Талдықорған қаласының кәсіпорындарына экскурсия

    9 "а" сынып оқушылырын Ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларымен таныстыру

  • "Ажар" тігін фабрикасы

     "Ажар" тігін фабрикасы
  • Талдықорған қаласының кәсіпорындары."Қайнар "аккумулятор заводы

    Талдықорған қаласының  кәсіпорындары."Қайнар "аккумулятор заводы

    Қаламыздың ірі кәсіпорындарының бірі "Қайнар" аккумулятор заводының жұмысы мен өндіріс технологиясымен таныстық.Завод жылына 2 млн. аккумулятор шығарып,алыс жақын шет елдерге  (Ресей,Қытай,Орта Азия елдері,Африка елдері) экспорттайтынын білдік.

  • Бір ел - бір кітап акциясы . Ата -аналар арасында

    Бір ел - бір кітап акциясы . Ата -аналар арасында

    Лицейімізде алғаш  рет ата -аналар арасында кітап оқу жарысы өткізілді. Оқуға ұсынылғаны  І.Есенберлиннің  "Алтын орда" романы.

    Жеңімпаз ата -аналарды  Құттықтаймыз!

    I орын  - Құдайбергенова Ә.Т.


    II орын - Абдыкимов Н.А.


    IIорын - Буханов А.Т.


    II орын - Алшинбекова Ә.М.


    III орын -  Адилжанқызы Г.     

  • Бір ел-бір кітап акциясы. Үшінші кезең жеңімпаздары !

                                            Бір ел-бір кітап акциясы.  Үшінші кезең  жеңімпаздары !

    Н.Дәурен - 7сынып, Ә.Әбілқайыр - 8сынып, Д.Сәулет 9- сынып, Б.Әділетхан 10-сынып .Құттықтаймыз!!!

  • "Бір ел - бір кітап 2017" акциясы

    "Бір ел - бір кітап  2017" акциясы

    "Бір ел - бір кітап  2017" акциясы бойынша  III тоқсанда  оқылатын кітаптар тізімі :7 сыныптарға, С.Мұқанов "Балуан Шолақ"

    8 сыныптарға,Ш.Мұртаза "Қызыл Жебе!

    9 сыныптарға,Ғ.Мүсрепов "Ұлпан"

    10-11 сыныптарға,С.Мұқанов "Аққан жұлдыз" 

  • Наурыз мейрамы

    Наурыз мейрамы
  • «Достығымыз жарасқан»

    «Достығымыз жарасқан»

    9 сәуір күні Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей – интернатында

    «Армысың, әз- Наурыз  2017!»   атты  мерекелік  іс-шара өтті

         Іс-шара ұжымның «Көрісу» рәсімімен ашылып,сыныптардың мерекелік   «Достығымыз жарасқан» қойылымдары мен Қазақстанда  тұратын  ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерін  сайыс түрінде дәріптеу шараларымен жалғасты. Ата-аналар лйцей ауласына киіз үйлер тігіп ,оқушыларды ,келген қонақтарды,түлектерді  дәстүрлі наурыз көже, баурсақтарымен қарсы алып жатты.Ойын алаңында  қонақтар,оқушылар  ұлттық ойындарда бақ сынасып, түрлі байқауларға қатысты.Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен марапаттауларға ие болды. Гран-при, 1-1-орын, 3- 2орын,  3-3 орын болды.Спорттық жарыстар жеке марапатталды. Гран приді  –  Қазақ ұлтының салт – дәстүрін, өнерінің мән- мағанасын толық аша білгендері үшін  7 «б» сынып  иеленді.    I орын – 8 «б» сынып Корей халқының  өнерін,салт- дәстүрін паш етті.                            

       Наурыз мейрамы,шын мәнінде қараңғыны жарық, суықты жылы жеңетін, күн мен түннің теңесеуі ғана емес,ұжымның бірлігін нығайтатын,ата мен баланы жақындастыратын,өткенді жаңартатын мереке екені осы іс-шарада тағы бір дәлелденді.

     

  • Наурыз 2017. Бірлік пен татулықтың белгісі.

    Наурыз  2017. Бірлік пен татулықтың белгісі.

    10 а  сыныбы ---- татар ұлты

     10 б сыныбы --- өзбек ұлты

     9 а  сыныбы  ---- орыс

     9 б сыныбы ---- түрік

    8 а  сыныбы  ---- әзербайжан

    8 б сыныбы ---- кәріс

    7 а  сыныбы  --- ұйғыр

    7 б сыныбы  ---- қазақ

  • Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"

    Наурыз мейрамы. "Достығымыз жарасқан"

    Наурыз мерекесі, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанда  тұратын барлық  ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесі. Сондықтан да, биылғы Наурыз мейрамы «Достығымыз жарасқан» тақырыбында өткізілді.

  • Емтихан кітапшасы 2016
    30/03/2017

    Новые фотографии были добавлены в альбом Емтихан кітапшасы 2016.

  • Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасының қорытындысы

    Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасының қорытындысы
  • Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасы

    Облыстағы дарынды балаларға арналған пән олимпиадасы

        2017 жылдың 24- 25 наурыз күндері Алакөл ауданы, Жыланды орта мектеп- лицейі базасында облыстағы дарынды балаларға арналған физика- математика пәндерінен пән олимпиадасы өтті.Олимпиаданың негізгі мақсаты - облыстағы дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуына қолайлы жағдай жасау.Олимпиадаға жалпы 9 командадан 88 оқушы қатысты. Біздің  төрт оқушы жүлделі орын алды.Олар:Ахетжанов Рустам 10 сынып, Құмай Ұлан            9 сынып, Жакенов Дархан,Кажигул Дінмұхамед 8 сынып оқушылары.Құттықтаймыз !!!

Новости

Информация о школе

  • Талдықорған «Білім-Инновация» лицей-интернаты
    7 ықшам аудан, 3 үй
    Сайт: www..taldykktl.kz
  • 8 (7282) 22-26-69

Фотогалерея