Отанын сүю,туған өлкесінің табиғатын,тарихын оқып-үйрену мен қатар зерттеуден басталады.Лицейдің жетінші сынып оқушылары өлкетану сабағында М.Тынышбаев атындағы мұражайға барып Жетісу өлкесінің табиғи ерекшеліктерімен жақынырақ танысып,тарихын қаладағы ескерткіштер арқылы біліп қайтты.
Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей- интернатында оқушыладың өзін-өзі басқару ұйымына сайлау өтті. Сайлауға 11сынып оқушылары арасынан президенттікке 3 оқушы , министірліктерге 10 сынып оқушыларынан 12 үміткер болды.Олар сайлау алды науқанына белсене қатысып лицей оқышыларын,мұғалімдерді бағдарламаларымен таныстырып ,үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.Сайлау қорытындысы лицей ұжымы мен оқушыларына салтанатты сапта жарияланып жеңіске жеткен жетістіктерімен құттықталды «Білегіңе сенбе, біліміңе сен!» ұранымен лицейіміздің президенті болып Мәулетқазы Мирас сайланды,Білім және ғылым министрі – Құрманиязов Ұланбек, Байланыс және ақпарат министрі –Сералы Мейіржан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Медетов Асылжан, Қоршаған ортаны қорғау министрі - Ерсін Сансая, Денсаулық және спорт министрі - Дауылбаев Қуаныш, Қайыпбай Батырбек- Мәдениет министрі болып ,сайлаушылардың көңілінен шығып, көп дауыс жинап сайланды. Лицей Президенті Мәулетқазы Мирас «Бірлік түбі - береке» негізінде ой бөлісіп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Өзін-өзі басқару ұйымына басшылыққа сайланған үміткерлер нәтижесі Жалпы сайлауға қатысқан бюллетень: 240 Жалпы сайлауға қатыспаған бюллетень:
18 қыркүйек күні Талдықорған қаласындағы қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатында «Әкем, анам және мен» спорттық жарысы өтті.
Мақсаты:
Отбасы мүшелерінің бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту,лицей,ата-ана,оқушы үштігінің бірлігін спорт арқылы нығайту.
Жарыс сегіз бағыт бойынша жүргізіліп оған 8 отбасылық командалар қатысып күш сынасты.
№ |
Эстафеталық жарыс түрлері |
1.
|
Баскетбол добын еденге соғып алып жүру, сақинаға салу, допты кері алып қайту.
|
2. |
Допқа екі қолмен ұстана секіріп жүру, жалаушаны айналып келу.
|
3. |
Скакалкамен секіре жүгіру,жалаушаны айналып келу.
|
4.
|
Баскетбол добын волейбол добымен 10 м қашықтықтан еденмендомалата көздеу. |
5. |
Екі аяққа қапты киіп секіре жүгіру, жалаушаны айналып келу.
|
6.
|
Теннис ракеткасымен теннис шаригін жоғары соғып алып жүгіру, жалаушаны айналып келу. |
7. |
Кедергімен жүгіру; гимнастикалық орындық,үстімен жүгіру,гимнастика матасы үстіндебір рет алдыға аунау, үселде тұрған есепті шығару, жалаушаны айналып келу. |
8. |
Арқан тарту.
|
Төреші Е.Узембаев жарысқа қатысушыларды,жанкүйерлерді ойын ережелерімен таныстырып барлық командаға сәттілік тіледі.
Жарыс тартымды да,қызықты өтті.Командалардың жанкүйерлері де жақсы қолдау көрсете білді.
Сынып
|
Отбасылық командалар |
Орын |
7а |
Мамбетовтар отбасы |
|
7б |
Орынбековтар отбасы |
|
8а |
Нұрмұхамбетовтар отбасы |
III |
8б |
Бекеевтар отбасы |
I |
9а |
Мұхаметжановтар отбасы |
|
9б |
Касеновтар отбасы |
|
10а |
Құрманқұловтар отбасы |
|
10б |
Аманжоловтар отбасы |
II |
Жеңіске жеткен командалар да,жарысқа белсене қатынасқандар да дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталып,жарыс соңы лицей асханасында мерекелік дастарханға ұласты.
Спорт- денсаулықты нығайтудың маңызды құралы. Сондықтан дәстүрлі түрде Талдықорған қаласындағы қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернатында жыл сайын ата – аналар арасында отбасы мүшелерінің бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту, «ЛИЦЕЙ-АТА-АНА -ОҚУШЫ» үштігінің бірлігін нығайтып,салауатты өмір салтын ұстану, насихаттау мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген бұл сайысқа әр сыныптың ата-аналары үлкен дайындықпен келген.
Іс-шараның ашылу барысында лицей-интернат директоры Б.Ш.Омаров пен ата-аналар комитетінің төрағасы А.Т.Бердібеков спорт сүйер қауымға құттықтаулар айтып жарысқа қатысушы ата-аналарға сәттіліктерін тіледі.Ұйымдастырылған волейбол,теннис,шахмат ойындары бойынша әр сыныптың ата- аналары күш сынасып ойынға белсене қатысты.
Бұл жарыстың жоғары деңгейде өтуіне лицей ұжымы бірауыздан жауапкершілікпен ат салысты.Атап айтсақ: СуйеуғалиА.А.Узембаев Е.Д. Кеңесбаев Қ.Т. Байсалбаев Д.А. Турапбеков А.А. Ұстаздар сайыста төрелік етіп жарыстың әділ бағасын бере білді,сондай–ақ ата -аналар үшін мерекелік дастархан жайылды.
«Білімді мыңды жығар, Білекті бірді жығар» демекші жарыста ата- аналар арасынан епті де, мықты, күш сынасып жеңіске қол жеткізген 9a,11б, 11а, 7б сыныптарының ата -аналарын айта кеткен жөн.
Ойын қорытындысы бойынша:
I.Bолейболдан: бас жүлдені-9 a,1 орын -11б,2орын -11а,3орын -7б сыныптары иеленді.
II.Теннистен: 1орын –Бердібеков А.Т.(8 «а» сынып)2орын –Жанайхан Болат(8 «б» сынып),3орын –Болгамбаев Юрий (9 «а» сынып) ата-аналары иеленді.
III.Шахматтан:1орын –Букуров Бақытжан(10б),2орын–Есимсартов Мұқаш(9а),3орын –Ниязбеков Рахат(9а) сыныптары иеленді.
Жарыс соңында лицей әкімшілігі жүлделі орындарға ие болған командаларды марапаттап, белсене қатысқан ойыншыларға дипломмен сыйлықтарын табыс етті.
Қадірлі қолданушылар!
Сіздер кестелеріңізді смартфон немене планшет арқыла да көре аласыздар. iPad, iPhone немесе Android қолданатын болсаңыздар арнайы бағдарламаны орната аласыздар.
теперь вы можете просмотреть расписания и ежедневные замены в Интернете. Просто нажмите на ссылку в верхней части страницы.